г. Астана, пр.Республики, 33, каб.207
+7 707 321 20 00
ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ "КАЗАХСТАНСКИЙ НЕФТЕГАЗОВЫЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ"

Обратная связь

10.09.2026 Кәсіподақ ардагерлеріне арналған тағылымды кездесу өтті

2026 жылғы 3 қыркүйекте Атырау қаласында мұнай-газ саласының кәсіподақ ардагерлеріне арналған тағылымды кездесу өтті.

Аталған игі шара «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы А.З. Бисеновтің бастамасымен, сонымен қатар Атырау облысындағы «Каспий нефть» АҚ, «Матен Петролеум» АҚ, «КазТехМунайСервис» ЖШС кәсіподақ комитеттерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Саладағы кәсіподақ қозғалысының дамуына ұзақ жылдар бойы өздерінің қажырлы еңбектерін сіңірген ардагерлерге «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» ҚБ құрылғанына 20 жыл толуына арналған мерейтойлық медальдар салтанатты түрде табысталды.

Шара барысында ардагерлерге олардың кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына қосқан зор үлесі, азаматтық ұстанымы мен табанды еңбегі үшін алғыс білдірілді.

Аға буынның өнегелі жолы – кәсіподақ қозғалысының алтын арқауы. Ардагерлердің тәжірибесі мен тағылымы – бүгінгі және келешек ұрпақ үшін баға жетпес мұра.

«Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» ҚБ атынан кездесуге қатысқан ардагерлерге зор алғыс білдіріп, мықты денсаулық, отбасыларына амандық және еңбектерінің жемісті болуын тілейміз!