2025 жылғы 15–16 желтоқсан күндері Стамбул қаласында Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ кәсіподақ ұйымдарының мүшелері қатынасқан Industrial Global Union жаһандық одағының субаймақтық кеңесі өтті.
Аталған халықаралық іс-шараға «Қазақстан мұнай-газ салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы А.З. Бисенов қатысты.
Кеңес барысында төмендегі өзекті мәселелер күн тәртібінде қаралды:
- Industrial Global Union ұйымының 4-ші Дүниежүзілік конгресінің шешімдері, іс-қимыл жоспары және алдағы даму бағыттары;
- Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ субаймағындағы ұйымның жүргізіп отырған іс-шаралары;
- Субаймақтағы өзекті қиындықтар, бірлескен әрекеттер мен науқандар;
- IndustriALL жаһандық одағы аясында әртүрлі салалар бойынша ынтымақтастық пен өзара қолдау, Женева қаласындағы штаб-пәтер мен оның өңірлік филиалдары арасындағы байланысты нығайту;
- Атқарушы комитеттің жаңадан сайланған мүшелерімен панельдік талқылау аясында Украина, Молдова, Грузия, Қазақстан және Қырғызстан өкілдерінің аймақтағы болашақ ынтымақтастығы.
Аталған кеңес халықаралық кәсіподақтар арасындағы серіктестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталды.


