г. Астана, пр.Республики, 33, каб.207
+7 707 321 20 00
ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ "КАЗАХСТАНСКИЙ НЕФТЕГАЗОВЫЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ"

Обратная связь

08.10.2025 Құрметті әріптестер, ардақты мұнай-газ саласының еңбеккерлері! Кәсіподақ ұйымының басшылары, белсенділері және ардагерлер!

Құрметті әріптестер, ардақты мұнай-газ саласының еңбеккерлері!
Кәсіподақ ұйымының басшылары, белсенділері және ардагерлер!

Бүгін біз барша қазақстандық кәсіподақ қозғалысы үшін маңызды тарихи белесті — кәсіподақ қозғалысының 120 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Бұл — бірнеше ұрпақтың әділет жолындағы қажырлы еңбегі мен ынтымағының айғағы.  
Кәсіподақ — бұл тек еңбеккерлердің құқығын қорғаушы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылық пен өндірістік дамудың кепілі.  
Мұнай-газ саласы – ел экономикасының тірегі. Осы саладағы кәсіподақ ұйымдары әрдайым еңбек адамының мүддесін биік қойып, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға үлкен үлес қосып келеді.
Баршаңызды айтулы мерейтоймен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Құрметпен,  
«Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» төрағасы: А.З. Бисенов