г. Астана, пр.Республики, 33, каб.207
+7 707 321 20 00
ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ "КАЗАХСТАНСКИЙ НЕФТЕГАЗОВЫЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ"

Обратная связь

23.11.2026 Павлодарда «Еңбек адамы – Ел бірлігінің тірегі» атты республикалық форум өтті

2026 жылғы 18–19 қарашада Павлодар қаласында «Еңбек адамы – Ел бірлігінің тірегі» тақырыбында Республикалық кәсіподақтар мен Қазақстан Халық Кеңесінің бірлескен форумы өтті. Форум жұмысына біздің салалық кәсіподақтан төрт делегат қатысты.

Атап айтқанда:

Бисенов Асқар Занешұлы – «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» төрағасы;
Уақбаев Бекқали Сәрсенбайұлы – «Өзенмұнайгаз» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» төрағасы;
Абишаев Назар Орынбайұлы – «Өзенмұнайгаз» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» заңгері;
Умбитғалиев Медет Жаншаұлы – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы мен мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің Қарашығанақ жергілікті кәсіподағы» төрағасы.

Форум барысында еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбекақының әділ төленуі, жалақыны индекстеу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестікті дамыту және жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, Медет Умбитғалиев өз сөзінде өндірісті цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу жағдайында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз ету және жаңа технологияларға байланысты туындайтын тәуекелдердің алдын алу мәселелерін көтерді.

Форум қорытындысы бойынша Қазақстан кәсіподақтарының еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған 25 жалпыұлттық бастамасы Қазақстан Халық Кеңесінің қарауына ұсынылды.

Аталған форум еңбек ұжымдарының үнін жеткізуге, кәсіподақтардың ұсыныстарын ортақ алаңда талқылауға және еңбек адамының әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.