Жиынға Кеңес мүшелері мен кәсіподақ белсенділері қатысты.
«Oil Services Company»ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы- Е. С. Сабиевтің ұжымдық шарт жасау бойынша жұмыс тәжірибесі туралы ақпараты тыңдалып, жоғары деңгейде жасалған презентацияға шара қатысушылары үлкен қызығушылық танытты. Ұжымдық шартты салалық кәсіподақтар тәжірибие ретінде қолдануға шешім қабылдады.
Кей бір мүшелік ұйымдардың басшыларының өзгеруіне байланысты Салалық Кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді. Күн тәртібіндегі басқа да мәселелерді талқылап, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының XXVII Съездіне делегаттар сайланды. Кеңес отырысын салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы – А.З.Бисенов қорытындылап, жаңадан сайланған Кеңес мүшелерін құттықтап, жаңа өкілеттік мерзімдегі жұмыстарына сәттілік тіледі, сондай-ақ Атқару комитет мүшелеріне «Атқару комитет мүшесі» куәлігін табыс етті.