2025 жылғы 26 желтоқсанда Атырау облысында «Қазақстан мұнай-газ салалық кәсіподағы» төрағасы А.З. Бисенов Атырау облысы кәсіподақ белсенділерімен мазмұнды әрі тағылымды кездесу өткізді.
Кездесу барысында салалық кеңестің 2025 жылы атқарылған жұмыстарына жан-жақты талдау жасалып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық міндеттер мен нақты жоспарлар белгіленді.
Іс-шараның ең маңызды әрі әсерлі сәттерінің бірі — кәсіподақ қозғалысының дамуына ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп келе жатқан белсенділерді Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған мерейтойлық, кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін, еңбек озаты медальдарымен марапаттау рәсімі болды. Бұл марапат — кәсіподақ белсенділерінің қажырлы еңбектеріне көрсетілген жоғары құрмет пен зор сенімнің айқын көрінісі.



