2026 жылғы 30 маусымда Астана қаласында Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның, жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілер бірлестіктерінің және салалық кәсіптік одақтардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
- Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында еңбек жанжалдарының алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да еңбек жанжалдарының алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ-да еңбек жанжалдарының алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.




