Қазақстан, Астана, Республика даң-ы, 33, 207-кабинет
+7 707 321 20 00
"ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰНАЙГАЗ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

Кері байланыс

03.07.2026 Астанада Мұнай-газ саласы бойынша салалық комиссияның кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 30 маусымда Астана қаласында Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның, жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілер бірлестіктерінің және салалық кәсіптік одақтардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:

1. Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы.
2. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында еңбек жанжалдарының алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
3. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да еңбек жанжалдарының алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
4. «QazaqGaz» ҰК» АҚ-да еңбек жанжалдарының алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.