2025 жылдың 4 желтоқсаны күні Мәскеу қаласында өткен Мұнай газ және құрылыс кәсіподақтарының конфедерациясының кеңес отырысына "ҚМГСК " БҚ төрағасы А.З.Бисенов және "Oil Services Company" ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ҚБ төрағасы Сабиев Е.С. қатынасты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Мұнай газ және құрылыс кәсіподақтарының халықаралық конфедерациясына мүше кәсіподақтар қатысатын елдердегі қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдай туралы. МК NGSP мүше ұйымдардың жетекшілері.
- Вице-президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы және МК NGSP вице-президентін сайлау туралы.
- МК NGSP Кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- МК NGSP марапаттарын беру туралы.
Сонымен қатар 5 желтоқсан күні өткен МК NGSP IX сьездіне қатынасты.







