Қазақстан, Атырау қ., Г. Канцев көшесі, 7
+7 7122 95 68 10/11/12
"ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰНАЙГАЗ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

Кері байланыс

Құрылу тарихы

Егемен Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің ғасырдан астам тарихы бар, ал саланың кәсіподақ ұйымдарының құрылғанына 90 жылдан астам уақыт болған. Біздің тарихымыз бастауын Батыс Қазақстан жерінен алады. 1920 жылғы 19 қаңтарда құрылған Доссор және Ракуша кен орындарының кәсіподақ ұйымдары құрған мұнай кәсіпорындары жұмысшыларының Орал-Ембілік бірлескен фабрика-зауыт комитеті Салалық кәсіподақ қозғалысының бастаушысы болып табылады. Кәсіподақ аймақтағы мұнай өндірудің қалыптасуымен бірге дами отырып, мұнайлы Ембінің еңбекшілерінің әр түрлі мәселелерін шешуде маңызды роль атқарды.

Әр жылдарда мұнайшылардың салалық кәсіподақ қозғалысына басшылық етті:

  • КСРО Шығыс аудандарының мұнай кен орындарының жұмысшыларының Гурьев облыстық кәсіподақ комитеті (1938-1952 ж.);
  • Мұнай және газ өнеркәсібі жұмысшыларының Гурьев облыстық кәсіподақ комитеті (1952-1969 ж.);
  • Мұнай, химия және газ өнеркәсібі жұмысшыларының Гурьев облыстық кәсіподақ комитеті (1969-1977 ж.);
  • Мұнай және газ өнеркәсібі жұмысшыларының Гурьев облыстық кәсіподақ комитеті (1977-1988 ж.);
  • Гурьев, кейін Атырау облыстық өнеркәсіптің мұнай, газ салаларының және құрылыс қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті (1988-1995 ж.);
  • Атырау облыстық мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподақтар кеңесі (1995-2005 ж. ақпан);
  • Қазақстан Республикасы мұнайгаз кешені қызметкерлері кәсіподағының Орталық кеңесі, 2005 жылғы 22 ақпанда құрылды:
  • Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағының Салалық кеңесі, «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейін6 2015 жылғы наурызда атауы өзгертілді.

Қазіргі таңда «Қазақмұнайгазкәсіподақ» - Қазақстанның бес облысындағы 62 филиалдарда, өкілдіктерде, жергілікті кәсіподақтарда және бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есепте тұратын 36164 кәсіподақ мүшелері.

Біздің қызметіміздің кез келген кәсіподақ үшін дәстүрлі, сондай-ақ өндірістің нақтылығымен айқындалатын стратегиялық бағыттары болып табылады:

  • мұнайшылардың лайықты еңбекке құқықтарын қамтамасыз ету (оның барлық жағдайын қоса алғанда – жұмыс орны, еңбек ақы, денсаулық және қауіпсіз еңбек жағдайлары);
  • еңбек қатынастары мен қазақстандық және шетелдік қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы дискриминациялау фактілерін жою;
  • барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестермен әлеуметтік диалог, Қазақстан Республикасындағы мұнайгаз, мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы Салалық келісім-шартты жасау және оның орындалуына бақылау жүргізу;
  • жеке және ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешуге қатысу;
  • кәсіподақ активін оқыту және тәжірибе алмасу бойынша жұмыстар.

17 жылдық қызмет жылдарында ұйымдарда ұжымдық шарттар жасауға негіз болатын 6 салалық келісім-шартқа қол қойылды. Бірінші разрядты қызметкерлердің ең төменгі жалақы мөлшері Республикадағы ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес мөлшерде 1,3 коэффициентімен бекітілді және қазіргі уақытта оны 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5-ке дейін көтеру мүмкіндігі талқыланып жатыр.

«Қазақмұнайгазкәсіподақ» - халықаралық кәсіподақ қозғалысының белсенді қатысушысы. Тәуелсіз мемлекеттердің мұнайгазқұрылыс кәсіподақтарының халықаралық Конфедерациясымен (МГҚК ХК) тығыз байланыс орнатылған, 2007 ж. қарашада ICEM қатарына, кейін Industrі ALL Жаһандық одағына қабылдандық. 2008 ж. қазаннан бастап келісім-шарт негізінде Жалпыресейлік мұнай, газ салаларының және құрылыс қызметкерлерінің кәсіптік одағымен. 2017 ж. 26 сәуірден бастан Белоруссиялық өнеркәсіптің химия, тау-кен және мұнай салаларының кәсіподағымен, 2018 ж. 12 қарашадан бастап Өзбекстан мұнай-газ және геология қызметкерлерінің кәсіподағымен ынтымақтастық қарым-қатынастамыз.

«Қазақмұнайгазкәсіподақтың» дамуы үшін берік және үзақ мерзімді негіз бар. Еңбек адамының тағдыры толғандыратын барлық мүдделі ұйымдармен ынтымақтастық үшін есігіміз ашық.