«Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» ҚБ 2005 жылғы наурыз айында құрылды. Заңды тұлға құқығында тіркеуден өтті, 25.03.2005 ж. мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 4875-1900-ОО. 2015 жылы «Кәсіптік одақтар туралы» ҚРЗ-ның өзгеруіне байланысты мемлекеттік қайта тіркеуден өтті, қызмет түрі – қоғамдық бірлестік, мұнайгаз саласы қызметкерлерінің мүдделерін білдіру.
Қазіргі уақытта «Қазақмұнайгазкәсіподақ» құрамында Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы заңды тұлға мәртебесіне ие тоғыз кәсіподақ, құрылымына 50 бастауыш кәсіподақ ұйымдары кіреді, 24 бастауыш кәсіподақ ұйымдары «Қазақмұнайгазкәсіподақ» филиалдары мен өкілдіктері құқығында тіркелген.
«Қазақмұнайгазкәсіподақ» - Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ, химия салаларындағы салалық келісімнің бастамашысы және оған қол қоюшы.
«Қазақмұнайгазкәсіподақ» еңбек және азаматтық заңнамалар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша мүшелік ұйымдар мен кәсіподақ мүшелеріне консультациялық, заңдық көмекті үнемі жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін сот органдарында ұсынады. Мүшелік ұйымдардың сұраулары бойынша оларға салада қалыптасқан жалақының, аймақтардағы инфляцияның деңгейі туралы, сонымен қатар ұжымдық шарттар жүйесі арқылы сала қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер мен өтемақылар жөнінде мәліметтер жиынтығы беріледі. Саланың жетекші кәсіпорындарының ұжымдық шарттарының базасы құрылған.