2025 жылғы 20 қарашада Алматы қаласында «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіподағы» ҚБ-нің кезекті Кеңес отырысы өтті. Отырыста «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және мердігер компаниялар жұмыскерлерінің «Қарашығанақ жергілікті кәсіподағы» ҚБ ұжымдық шартының орындалу барысы тыңдалып, Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына орай кәсіподақ белсенділері марапатталды.
Сонымен қатар, ҚР Кәсіподақтық коммуникациялар орталығы директорының орынбасары Л.А. Есжанова «Еңбек саласындағы кәсіподақтардың мәртебесін нығайту» және өзге де тақырыптар бойынша семинар-тренинг өткізіп, қатысушыларға сертификаттар табыстады.






