2026 жылғы 28 қаңтар күні «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағының» Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста қаралған негізгі мәселелер: ұйымдастыру, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары, 2025 жылғы атқарылған жұмыстар және қаржылық кіріс-шығыс, салалық Кеңестің кезекті отырысын өткізу туралы болды. Отырысты «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы А.З.Бисенов жүргізді. Отырыс қорытындысы бойынша «Oil Services Company» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Е.С.Сәбиевтің кандидатурасы Маңғыстау облысы бойынша салалық кәсіподақ төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарына ұсынылып бір ауыздан мақұлданып Салалық Кеңестің отырысына қарауға ұсынылды. 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданды. 2025 жылғы атқарылған жұмыстар есебі мақұлданып 2026 жылдың сметасы бекітілді.
Сонымен қатар Кеңес отырысының келесі отырысы «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің құрылғанына 20 жыл толуына сәйкес келуіне байланысты, Сәуір айында Атырау қаласында өткізуге шешім қабылданды.



