Казахстан, г. Атырау, ул. Г. Канцева, 7
+7 7122 95 68 10/11/12
ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ "КАЗАХСТАНСКИЙ НЕФТЕГАЗОВЫЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ"

Обратная связь

23.11.2022 ТҰРАҚТЫ КӘСІПОДАҚ СТРАТЕГИЯСЫ

Бүгін Атырау қаласындағы «Дастан» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі мен ІndustriALL жаһандық одағының ұйымдастыруымен осындай тақырыптағы екі күндік семинар өз жұмысын басталды. Оған аталмыш салалық кәсіподақ құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен кәсіподақта қозғалысының белсенділері қатысуда.

Семинарды ұйымдастырудағы басты мақсатқа тоқталған «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Елена Мустафина әріптестеріне кәсіподақ жұмыстарын алға бастыруда сәттіліктер пен табыстар тіледі. Бұдан соң ІndustriALL жаһандық одағының аймақтық хатшысы Вадим Борисов кәсіподақтар қозғалысының әлемдік деңгейі, басымдықтары мен іс-қимыл бағдарламасы туралы әсерлі баяндады. Аймақтың хатшының айтуынша, ІndustriALL жаһандық одағы – осыдан тура он жыл бұрын 2012 жылдың 19 маусымында Дания астанасы Копенгаген қаласында құрылған. Жаһандық кәсіподақтар федерациясы болып табылатын аталмыш ұйымға әлемнің 140 елінен 50 миллионнан астам жұмысшы мүшелікке тартылған. Бұлар негізінен тау-кен өнеркәсібі, энергетика және салалық өндірістің жұмысшыларынан құралған екен.

Тақырыптық семинарда оған қатысушыларды кәсіподақ тренері Эдуард Вохминның кәсіпорындар мен саладағы еңбек қатынастарын реттеу жүйесіндегі кәсіподақтардың өмірлік цикл үлгілерінің жүйелілігі, стратегияны таңдау, кәсіподақтың мақсаттарын айқындау мәселелері жөніндегі әлемдік тәжірибелерге сүйене отырыып жеткізген әңгімесі қызықтырмай қоймады. Еркін форматта өткен семинардың алғашқы күні кәсіподақ белсенділерінің қызығушылығы мен көтерілген мәселені талдап, талқылауға деген ынта-ықыласы жоғары болды.

Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі, Баспасөз қызметі