Қымбатты арулар, әріптестер, кәсіподақ белсенділері!

5 марта 2020

Қымбатты арулар, әріптестер, кәсіподақ белсенділері!

«Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» ҚБ атынан Сіздерді 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өміріне және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

Мұнайгаз саласы ұжымдарында да әйел қызметкерлердің алатын орны ерекше. Қандай қиын жағдайда жұмыс жасауға тура келсе де, Сіздер барлық  қиындықтарды ер азаматтармен қатар жеңе білесіздер, Сіздердің жауапкершіліктеріңіз, табандылықтарыңыз, кәсіби шеберліктеріңіз, шығармашылық табыстарыңыз  мұнайгаз саласы кәсіпорындарындағы аса маңызды жобаларды іске асыруға көмектеседі.Сіздердің ортақ мақсаттарға қол жеткізудегі табандылықтарыңыз, өзін–өзі жетілдірудегі  күш-жігерлеріңіз, еңбекқорлықтарыңыз, төзімділіктеріңіз, қайырымдылықтарыңыз үшін шынайы алғысымыз бен құрметімізді қабыл алыңыздар!

Сіздердің арнап айтылатын алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктем шуағымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және жанұяларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Мустафина Е.Е.

 


Вернуться на уровень выше