Қазақстан кәсіподақтары күні

8 октября 2019

Құрметті әріптестер!

«Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» ҚБ атынан баршаңызды биыл Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің қатарында  алғаш рет аталып өткелі отырған Қазақстан кәсіптік одақтары күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Саланың кәсіподақ ұйымдары қазіргі таңда уақыт талаптарын орындап, жұмыс берушімен асқан шеберлікпен әлеуметтік әріптестік аясында конструктивті диалог жүргізе отырып, мұнайгаз саласы қызметкерлерінің әлеуметтік тұрғыдан қорғалу деңгейін арттыруға қол жеткізіп отыр. Мұның бәрі әрбір кәсіподақ ұйымы, цехтық кәсіподақ комитеті, кәсіподақ топтары төрағаларының күнделікті тынымсыз еңбегінің жемісі.

Бірлігіміз бен ынтымықтастығымызды нығайтуға, еңбек адамының құқықтарын қорғауға, еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмыстарымыз алға қарай да жалғасын табады деген сенімдеміз. Кәсіподақ қызметінің қоғаммен үйлесімді дамуына қосқан үлестеріңіз еселене түсіп, жаңарту мен жаңғырту жолындағы белсенді қадамдарыңыз жемісті болсын! Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс және сәттілік тілейміз.

«Қазақстандық мұнайгаз
салалық кәсіптік  одағы»
ҚБ төрағасы:- Т.Б. Қабдолов


Вернуться на уровень выше