Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа ҮНДЕУ

10 января 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа 
ҮНДЕУ
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы азаматтық қоғамның бөлігі ретінде елде қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіреді және тұрақтылық пен қоғамдық тәртіптің сақталуы, іс-әрекеттердің заң аясында жүзеге асырылуы мен бейбітшілік пен келісімнің сақталуын қолдайды.

Соңғы оқиғалардың негізгі себептері қатарында жалпы халық табысының төмендігі, азаматтардың еңбек ету құқығы толыққанды қамтамасыз етілмеуі және әлеуметтік диалогтың тиісті дәрежесінде болмауы деп есептейміз.

Осыған байланысты Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеру үшін келесі жүйелі шаралар қабылдау керек:

  • еңбекақы төлеу жүйесін, еңбек және кәсіподақ заңдылықтарын жетілдіру арқылы еңбек етудің лайықты шарттарын,  жұмыс орындарын сақтау және жаңа орындарды ашуды қамтамасыз ету, еңбек заңдылықтарын сақтауда мемлекеттік және қоғамдық бақылауды күшейту;
  • Халықаралық еңбек ұйымының № 131 «Ең төменгі еңбек ақыны белгілеу туралы» және № 102 «Әлеуметтік қамсыздандырудың  ең төменгі нормалары туралы» конвенцияларын шұғыл ратификациялау;
  • әлеуметтік әріптестік жүйесін реформалау және «Әлеуметтік әріптестік туралы» жаңа Заң қабылдау арқылы Үкімет, жұмыскерлер бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы шынайы әлеуметтік диалогты қамтамасыз ету;
  • азаматтық қоғамның институттарының рөлін күшейту.

Біз бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігері ғана  Қазақстанда әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын алға бастыру және еңбек адамына лайықты жағдай жасауды қамтамасыз етудің негізі бола алатынына сенімдіміз.

Қазақстан Республикасы
Кәсіподақтар федерациясының
Атқару комитеті
2022 жыл, 07 қаңтар

 

ОБРАЩЕНИЕ
Президенту Республики Казахстан  К.К.Токаеву
Уважаемый Касым-Жомарт Кемелевич!

Федерация профсоюзов Республики Казахстан, являясь частью гражданского общества, выражает озабоченность сложившейся ситуацией в стране и выступает за сохранение стабильности и общественного порядка, осуществление цивилизованных действий в правовом поле, обеспечение мира и согласия.

Считаем, что одними из основных причин последних событий в стране являются в целом низкие доходы населения, необеспеченность прав граждан на труд и отсутствие конструктивного социального диалога.

В связи с этим  необходимо принять системные меры по повышению благосостояния народа Казахстана:

- обеспечить достойные условия труда через совершенствование системы оплаты труда, трудового и профсоюзного законодательства, сохранение и создание новых рабочих мест, усиление государственного и общественного контроля за соблюдением трудового законодательства;

- срочно ратифицировать конвенции Международной организации труда №131 «Об установлении минимальной заработной платы» и №102 «О минимальных нормах социального обеспечения»;

- обеспечить реальный социальный диалог между Правительством, объединениями работников и объединениями работодателей путем реформирования системы социального партнерства и принятия нового Закона «О социальном партнерстве»;

- усилить роль институтов гражданского общества.

Мы уверены, что только совместные усилия всего общества могут стать основой для продвижения принципов социальной справедливости и обеспечения достойных условий человеку труда в Казахстане.

Исполком
Федерации профсоюзов
Республики Казахстан
7 января 2022 г.

 


Вернуться на уровень выше