Вахталық әдіспен қызмет ететін кәсіподақ мүшелеріне арнап мерекелік концерт ұйымдастырды

15 сентября 2017

2017 жылдың 06 қыркүйек күні Жергілікті кәсіподақ ұйымының бастамасымен Жаңажол вахталық ауылының Мәдениет үйі алдында вахталық әдіспен қызмет ететін кәсіподақ мүшелеріне арналған мерекелік концерт  өтті.

Концерт Қазақстан Республикасы  мен Қытай Халық  Республикалары  арасындағы  мұнай және газ  саласындағы әріптестіктің орнағанына 20 жыл және Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күндеріне арнап  

Мерекелік концертті «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-ның төрағасы Жанжарық Нұрадинұлы Күзембаев құттықтау сөзбен  ашты және Акционерлік Қоғамда атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті.

Мәдениет үйі алдынғы алаңға мерекелік концертті тамашалап, көңілдерін көтеруге мұнайшылар көп жиналды. Арнайы шақыртылған облыс көлеміндегі өнер ұжымдары мұнайшылармен бірге ән шырқап, би билеп нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады, Мәдениет үйі алдындағы алаң би алаңына айналды.

Күн сайынғы жұмыс режимі жұмыс орындары мен жатақаналардың арасы болып табылатын қызметкерлеріміз үшін бүгінгі күн үлкен мереке болды.

Мұнайшыларымыз ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, бір-біріне жақсы тілектерін айтып жатты.  

Мерекелік кешті Жаңажол мұнайгаз өңдеу  кешені бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ібайдолла Смағұлұлы Кішкенебай қортындылады.

Құрметті әріптестер, барлықтарыңызды тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз еңбектеріңізге  табыс, отбастарыңызға аманшылық тілейміз.   

Ақпараттық Бюллетенді дайындаған: С. Сәтов
Жергілікті кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары

 


Вернуться на уровень выше